ДДСҰ Pfizer вакцинасын шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат етті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Pfizer мен германиялық BioNTech компаниясы бірлесіп шығарған вакцинаны шұғыл жағдайда қолдануға рұқсат етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйымның мәлімдеуінше, екпе барлық қауіпсіздік талаптарына сай келеді. Шешім әлем елдеріне препаратты қолданысқа енгізу процессін жылдамдатуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, Pfizer мен BioNTech вакцинасын бұған дейін әлемнің бірқатар елі бекітіп, халықты вакциналау басталып кеткен. Оның коронавирусқа қарсы тиімділігі 95%-ті көрсетті.

Сондай-ақ...