Ресейліктер Жаңа жылды қалай қарсы алды?

Ресейде де мерекелік іс-шаралар өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәскеуде қала көшелерінде әдеттегідей адам қарасы көп болмады. Қызыл алаң жабылып, шаһар саябақтарының жұмысы шектелді. Мейрамхана мен дәмханалар түнгі сағат 23:00-ге дейін ғана жұмыс істеді. Сала өкілдері жылдың басты мерекесін тойлатуды Мәскеу емес Магадан уақытымен бастауды ұсынған еді. Яғни жаңа жылды түнгі сағат 00:00 емес, күндізгі 16:00-ден бастап қарсы алуға шақырған. Қалай дегенмен, індет тұрғындардың жаңа жылды көшеге шығып қарсы алуына кедергі бола алмады.

Жергілікті тұрғын:

- Жаңа жылды үлкен үмітпен қарсы алып жатырмыз. Барлығына бақыт тілеймін. Армандар орындалсын.