Ғалымдар 12 мың жыл бұрын өмір сүрген мүйізтұмсықтың қаңқаларын зерттеп жатыр

Ресейлік ғалымдар Сібірде 12 мың жыл бұрын өмір сүрген мүйізтұмсықтың қаңқаларын зерттеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны мамандар өткен тамыз айында Якутиядағы өзен бойынан тапқан. Жыртқыш тұтас мүйізімен жақсы сақталған. Ғалымдар «бұл сирек кездесетін құбылыс» дегенді айтады. Ал ақпарат құралдарының хабарлауынша, соңғы уақытта климаттың жылынуынан Сібір аймағында мұндай олжалар көп кездесе бастады. Себебі, осы уақытқа дейін қатып жатқан жерлер еріп, мұз боп қалған жан-жануарлар шыға бастаған.