АҚШ-та дайын вакцинаны қасақана бүлдірген аурухана қызметкері ұсталды

АҚШ-та бір аурухана қызметкері халықты егуге дайындалған коронавирусқа қарсы вакцинаны қасақана бүлдіріп қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға Висконсин штатында болды. Екпені сақтауға жауапты болған қызметкер 57 құты вакцинаны тоңазытқыштан сыртқа әдейі шығарып қойған. Бастапқыда қаскөй өзінің абайсызда әрекет еткенін айтып, бой бермеген. Бірақ кейін өзінің кінәсін мойындады. Бүлінген екпемен егілген адамдар ескертілген. Қызметкер жұмыстан шығарылып, іс полицияға берілді.

Сондай-ақ...