Жаңа жыл кешінде Берлинде өрт көбейді

Германия астанасында жаңа жылдық кеште өрт көбейді. Шектеулерге байланысты адамдар отшашуларды үйлерінде ұйымдастырып, мереке күні ондаған оқыс оқиға тіркелді.

Бір түнде 18 өрт болған. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Әдетте Берлин тұрғындары жаңа жылды көшеге шығып отшашулармен қарсы алатын. Бірақ билік адамдардың шаһарда көптеп жиналмауы үшін қоғамдық орындарда отшашуға тыйым салған.