Барселонадағы Балауыз мүсіндер музейі жаңа экспонаттармен толықты

Барселонадағы Балауыз мүсіндер музейі келушілерге көптеген тосынсый ұсынып отыр. Ең бастысы жаңа мүсіндерді Лондондағы Мадам Тюссо музейінің 30 жылдан бергі скульпторы Майк Уэйд жасаған.

Wade Waxworks студиясында жасалған сұлбалар Барселонадағы музейден өз орындарын тапты.

Атап айтсақ, олардың арасында Кинг-Конгтың, Грета Тунбергтің, The Beatles тобы қатысушыларының, Милли Бобби Браун, Барака Обама, Ангела Меркель сынды саясаткерлердің, қарақшы Торғай Джек кейпіндегі Джонни Депптің және көптеген өзге персонаждардың мүсіндері бар.

Майк Уэйдтің өзінің айтуынша, ең қиыны The Beatles тобы қатысушыларының мүсінін сомдау болыпты. Себебі әншілер фотоларда көбіне аяқтарын қиылыстырып отырған. Ал бұл олардың позалары мен киімдерін мүсіндеуде өте дәлдікті талап етеді екен.

espanarusa.com

Аударған: Г.Абилова