Нью-Йоркте 14 наурыз COVID-19 құрбандарын еске алу күні болып жарияланды

Нью-Йоркте 2021 жылдың 14 наурызы коронавирус құрбандарын еске алу күні деп жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені былтыр дәл осы күні қалада індеттен алғашқы кісі өлімі тіркелген болатын. Сөйтіп, қазір құрбандар саны 25 мыңға жеткен.

Айта кеткен жөн, былтыр көктемде Нью-Йорк коронавирус ошағына айналған болатын. Орын жетіспей, көз жұмған науқастардың денесін жылжымалы мәйітханада сақтауға тура келді. Жақында ақпарат құралдары 600-ге жуық марқұмның денесі әлі күнге дейін сол жүк көліктерінің мұздатқыштарында жатқанын жазған. Негізі қазір де шаһарда эпидемологиялық ахуал мәз емес. Соңғы бір аптада мұнда індет жұқтырудың 26 мыңнан аса дерегі расталды.

Сондай-ақ...