Францияның 15 департаментінде шектеу шаралары күшейтілді

Сөйтіп мұнда коменданттық сағат кешкі сегізден емес, екі сағат ертерек басталатын болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ 7 қаңтарда мұнда мәдени мекемелер қайта ашылуы тиіс еді. Алайда эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты әзірге олардың жұмысына рұқсат берілмейтін болды.

Айта кеткен жөн, Францияда былтыр қазанның соңында карантин жарияланған еді. 15 желтоқсанда оның мерзімі аяқталып, билік орнына коменданттық сағат енгізген.