АҚШ-та бейбіт шеру соңы қақтығысқа ұласты

АҚШ-тың Портленд қаласында жүздеген адам наразылық шарасына шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бейбіт митингтің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Федералды сот ғимаратына беттеген тәртіп бұзушылар тас лақтырып, полиция қызметкерлерімен қақтығысты. Салдарынан бірнеше адам жарақаттанып, қамауға алынғандар да бар. Жаппай тәртіпсіздіктерді BLM қозғалысының белсенділері ұйымдастырған болуы мүмкін деген болжам бар. Портланд әкімі алдағы күндері келтірілген шығындар есептеліп, бұзақылар жазаланады деп мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Пjртленд мамыр айында Миннеаполистегі полиция қызметкерлерінің қолынан қаза тапқан Джордж Флойдтың өлімінен кейін наразылық шараларының орталығына айналған болатын.

Тэд Уилер, Портленд қаласының мэрі:

– Мен зақым келтірілген ғимараттар мен жарақат алған адамдармен кездестім. Вандализм және қылмыстық әрекеттерді жасауға жол жоқ. Сол себепті мұндай тәртіпсіздікке баратын азаматтардың жазасын күшейтуді талап етемін. Кез келген адам өзінің ісіне жауап беруі тиіс. Біз белгілі бір мәселені өзгерткіміз келсе, күшпен немесе тәртіпсіздікпен емес, жүйелі реформа жасауды ойлауымыз керек.