Әлемдегі ең қарт адам 118 жасқа толды

Бүгін – әлемдегі жасы ең үлкен адамның туған күні.

Жапондық Канэ Танака 118-ге толды. Ол 1903 жылдың 2 қаңтарында туған. Кейуана жер шарындағы жасы ең үлкен адам деген атаққа 2018 жылы ие болған. Қазір ол Фукуока қаласындағы Арнайы күтім жасау орталығында тұрады. Күніне 3 мезгіл тамақ ішіп, математикалық есептер шығарып, физикалық жаттығулар жасайды екен. Шоколад пен газды сусынды жақсы көреді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Канэ Танака биыл Токиода өтетін Жазғы Олимпиадаға қатыспақ. Ол қолына алау ұстап, 200 метрді арбамен жүріп өтеді деп жоспарлануда. Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі елде жасы жүзден асқан 80 мың тұрғынның барын айтады. Ұзақ жасаушылардың 88 проценті – әжелер.

Сондай-ақ...