COVID-19: Бангкокта жаңа шектеулер енгізілді

COVID-19: Бангкокта жаңа шектеулер енгізілді

Таиланд астанасында коронавирусқа қарсы жаңа шектеулер енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгіннен бастап Бангкокта шарапханалар мен аттракциондар жұмыс істемейді. Соңғы мәлімет бойынша, елде COVID-19-дан бір адам қайтыс болып, 216 тұрғын жұқтырған. Эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі 28 провинцияда бизнес нысандарын жауып, адамдардың жүріс-тұрысына шектеу енгізуді сұрап отыр. Бұл ұсынысты қазір Премьер-министр қарап жатыр. Бұған дейін Бангкокта мектептердің жұмысы 2 аптаға тоқтатылған болатын.

Терри Бирне, ирландиялық турист:

- Өз басым қатты қорқып жүрген жоқпын. Бірақ өміріміз біраз қиындады. Бизнес орындарының тағдыры әлі белгісіз. Қайта жабылады деп жатыр. Яғни жұмыссыздық көбейеді деген сөз. Осы жағы мені алаңдатады.

Бенджамауан Полпитак, сатушы:

- Әкімшілік дүкендерді қайта жабамыз деп жатыр. Бізге ақша керек. 10 күнге жапса, шыдауға болады. Бірақ үкімет нақтысын айтпай жатыр.