Иран уран байытуды 20%-ке арттыруға дайын

Иран биыл уран байыту деңгейін 20 процентке арттыруды жоспарлап отыр.

Бұл туралы осы елдің Атом энергиясы ұйымының басшысы Әли Акбар Салихи мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, Иран парламенті өткен жылдың желтоқсанында уран байыту деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін заң жобасын бекіткен болатын. Осы құжатқа сәйкес, парсы мемлекеті Ядролық қару-жарақты таратпау туралы халықаралық келісім-шарттан бас тарта алады. Қазіргі уағдаластық бойынша Иран уран байытуды 3,6 проценттен асырмауы тиіс. Мамандардың айтуынша, 20 процент ядролық заряд жасауға жеткілікті.

Әли Акбар Салехи, Иранның атом энергиясы ұйымының басшысы:

- Президентіміз Хасан Рухани осы мәселе бойынша жарлық беретін жалғыз адам. Ол МАГАТЭ-ге арнайы хат жолдап, хабар берді. Біз саусағы шүріппеде тұрған сарбаз сияқтымыз. Қолбасшымыз бас десе, ата саламыз. Уран байытуды 20 процентке арттыруға дайынбыз.

Сондай-ақ...