Эбола безгегін анықтаған ғалым беймәлім індет туралы ескертті

Әлемде Эболаны алғаш анықтаған микробиолог тағы бір беймәлім індеттің таралуы мүмкін екенін ескертті.

Әзірге белгісіз инфекцияға «ИКС ауруы» деген шартты атау берілді.

CNN хабарлауынша, вирус Конгода әйел адамнан анықталған. Оқшауланған науқас туыстарымен тек шыны терезе арқылы тілдеседі. Әйелден алынған анализ Ұлттық биомедициналық зерттеулер институтына жіберілді. Нәтижесінде одан Эбола безгегі немесе басқа белгілі індеттер анықталмаған. Бірақ жаңа инфекцияның бары белгілі болып отыр. Сондықтан осы әйел адам баласы бұрын-соңды кездеспеген жаңа індеттің алғашқы жұқтырушысы болуы мүмкін. Африкалық ғалымның зерттеуінше, беймәлім аурудың қауіп-қатері коронавирустан да асып түсуі ғажап емес.

Естеріңізге сала кетейік, Эбола індеті алғаш 1976 жылы белгілі болып, 15 мыңнан астам адамның өмірін қиған еді.