420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайдың Марсқа аттанған зонды 400 млн шақырымнан асты

  • 130
  • UPD: 18:16, 03.01.2021
Қытайдың Марсқа аттанған зонды 400 млн шақырымнан асты

Ол осыдан 163 күн бұрын, яғни өткен жылдың 23 маусымында ұшырылған еді.

Жоспар бойынша «Тяньвэнь-1» ұшу құралы «Қызыл ғаламшарға» ақпан айында жетуге тиіс. Қазір ол Жерден 130 миллион, ал Марстан 8,3 миллион шақырым кеңістікте жүр. Аппарат Марс орбитасында 3 ай айналып жүріп, планетаға зерттеу модулін қондырады. Қытай ғалымдары осы миссия аясында Марстың бетін, қыртысын, магниттік өрісін және ионосфераны зерттейді. Сондай-ақ модуль шөгінді жыныс пен мұз қабатын іздеп көреді.

Айта кетейік, Марс пен Жердің арасындағы қашықтық құбылып тұрады. Бұл арақашықтық жақындағанда 50 миллион шақырымнан, ал алыстағанда 400 миллион шақырымнан асады.

Ли Чжэньцай, «Тяньвэнь-1» жобасының өкілі:

– Зонд дәл қазір секундына 23 шақырым жылдамдықпен зымырап барады. Сонда күніне 2 миллион шақырымды бағындырады. Зондтың жылдамдығы Марсқа жақындаған сайын артып, гелиоцентрлік тартылыс күшінің ықпалынан ажырап барады.

Хабар 24 телеарнасы