Үндістан тағы бір вакцинаны қолданысқа енгізді

Бұл туралы Премьер-министр Нарендра Моди твиттер-парақшасында хабарлады.

Үкімет басшысы вакцинаны әрбір тұрғын мақтан етуі тиіс деп жазған. Үнді препараты «Коваксин» деп аталады. Бірақ бұл екпенің тиімділік деңгейі айтылмай отыр. Үндістанда бірінші болып мақұлданған «Астразенека» вакцинасының емдік тиімділігі 70 процент деп нақты көрсетілген еді.

Венугопал Сомани, Үндістанның дәрі-дәрмек бойынша бас бақылаушысы:

– Дәрі-дәрмек стандарттарын бақылайтын орталық ұйым Сарапшылар комиссиясының ұсынуымен тыңғылықты тексеріс жүргізгеннен кейін шешім қабылдады. Тиісінше Үндістанның Сарысу институты мен «Бхарат Байотек» компаниясы бірлесіп дайындаған вакцинаны қолдану мақұлданды.

Сондай-ақ...