421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испания полициясы 40 сағатқа созылған би кешін әрең тоқтатты

  • 126
  • UPD: 18:15, 03.01.2021
Испания полициясы 40 сағатқа созылған би кешін әрең тоқтатты

Карантин тәртібін бұзған ойын-сауық Каталонияның Барселона провинциясындағы елді мекенде болған.

Думанға 200-ге жуық адам жиылыпты. Полиция би кешін тоқтатуды талап еткенмен, бидің қызығына түскен жұрт тәртіпке бағынбаған. Ұзақ үгіттеуден кейін тәртіп сақшылары 2 ұйымдастырушыны қамауға алды. Тағы 5 адам тергеліп жатыр. Полиция белсенділерге 3 мыңнан 600 мың еуроға дейін айыппұл салынады деп мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы