Үндістанда крематорийдің шатыры құлап, 21 адам көз жұмды

Тағы 20 тұрғын жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға елдің солтүстігіндегі Газиабад қаласында болған. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, шатыр үстіне шыққан 30 шақты адамды көтере алмай, опырылып түскен. Құтқарушылар үйінді астынан 38 кісіннің денесін аршып алған. Олар жақында қайтыс болған туысының мәйітін өртеу үшін крематорийге әкелген екен. Шатырдың неге осал болғанын енді арнайы комиссия анықтайды.

Анита Мешрам, комиссия мүшесі:

– Жарақат алғандар ауруханаға дереу жеткізілді. Енді арнайы тергеу жүргізіп, айыптыларды жауапқа тартамыз. Кінәлі құрылыс компаниясы ма әлде шенеуніктер ме, бәрін нақтылаймыз.

Сондай-ақ...