425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Үндістан өз вакцинасын мақұлдады

  • 314
  • UPD: 07:53, 04.01.2021
Үндістан өз вакцинасын мақұлдады фото: BBC

Үндістан жедел түрде отандық Covaxin вакцинасын пайдалануға рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы хабрландыру жексенбі күні таратылған және қалың көпшіліктің таңданысын тудырып отыр. Себебі шенеуніктер Bharat Biotech өнімінің тиімділігін жария түрде айтпаған және олар қандай да бір сұраққа жауап беруден бас тартып отыр. Бұл жағдай ел премьер-министрі Нарендра Модиді де алаңдатпайды.

Ол Үндістанның ғылым мен фармацевтика саласының жеңіске еткенін айтады.

Үндістан өзінің жеке вакцинасын дайындап бекіткен аз ғана мемлекеттердің бірі. Соған қарамастан бұл елдің жүздеген миллион тұрғынын ауқымды вакциналау бағдарламасы Оксфорд университетінде дайындалған британиялық AstraZeneca вакцинасына жоспарланған.

Бұл вакцинаны ел билігі екі күн бұрын мақұлдаған. Осыдан кейін бүкіл ел осы вакцинаның келуін күтіп дайын отыр.

 

Хабар 24 телеарнасы