419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та бір күнде 300 мың адам коронавирус жұқтырды

  • 133
  • UPD: 09:50, 04.01.2021
АҚШ-та бір күнде 300 мың адам коронавирус жұқтырды

АҚШ-та індеттің таралуы қайта күшейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы бір күнде 300 мыңға жуық адам вирус жұқтырып, елде тағы тәуліктік антирекорд орнады. Мамандар мерекеге байланысты алдағы күндері дертке шалдыққандар саны артады деп алаңдап отыр. Ал ресми дерекке сүйенсек, Құрама Штаттарда індет таралғалы 20 милионнан астам адам вирусты жұқтырып алған. Дерттен 350 мыңнан аса науқас қайтыс болды. Қазір бүкіл ел аумағында 120 мың адам аурханада емделіп жатыр.

Айта кетейік, АҚШ-та вакциналау басталғалы COVID-19-ға қарсы 4 милионнан астам адам егілген.

Хабар 24 телеарнасы