Нигердің батысында лаңкестердің қолынан 100 адам көз жұмды

Нигердің батысында белгісіз қарулы топ екі ауылға шабуыл жасап, 100 адамды қырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 70-тен астам тұрғын жараланған. Бұл туралы осы елдің премьер-министрі Бриги Рафини хабарлады. Оқиға Нигерде президенттік сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланған күні болған. Кей ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылды «Боко Харам» лаңкестік тобы жүзеге асырған. Содырлар іздестіріліп жатыр.