Жерорта теңізінде 265 мигрант құтқарылды

Соңғы бірнеше күнде Жерорта теңізінде 265 мигрант апаттан құтқарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың дені Эритрея, Ливия мен Африканың өзге де елдерінен шыққандар. Кәрі құрлыққа табан тіремек болған келімсектердің көбі ағаш пен резеңке қайықтарға отырған. Open Arms қайырымдылық ұйымының өкілдері өлім аузынан аман қалғандардың арасында кәмелет жасқа толмағандар мен әйелдердің бар екенін айтады. Әзірге адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ.