429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сеулдегі аквариумда ұлттық киім киген сүңгуірлер жаңажылдық қойылым көрсетті

  • 161
  • UPD: 11:15, 04.01.2021
Сеулдегі аквариумда ұлттық киім киген сүңгуірлер жаңажылдық қойылым көрсетті

Оңтүстік Корея астанасы Сеулдегі аквариумда ұлттық киім киген сүңгуірлер жаңажылдық қойылым көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар келген әр қонаққа су астында иіліп, сәлем беріп тұрды. Бұл осы елдегі ең ірі аквариум алғаш 2014 жылы ашылған. Сүңгуірлер шоуы соңғы 5 жыл бойы өтіп келеді. Акваруимда бұрын «Жаңа жыл құтты болсын!» деген жазу ғана болатын, биыл оған «Коронавирусты ақылмен жеңейік» деген ұран қосылыпты.

Хан Санг-Джин, жергілікті тұрғын:

- Өкінішке қарай биыл аквариумға коронавирустың кесірінен көп адам келе алмады. Барлық адам үкіметтің шараларына құлақ асып, індеттен тез құтыламыз деп үміттенемін.

Хабар 24 телеарнасы