421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапония астанасында төтенше жағдай режимі енгізілмек

  • 172
  • UPD: 15:50, 04.01.2021
Жапония астанасында төтенше жағдай режимі енгізілмек

Жапония үкіметі Токио мен оның маңындағы бірнеше префектурада төтенше жағдай енгізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы себеп. Бұл туралы ел премьер-министрі, Ёсихидэ Суга хабарлады. Билік өкілдері аймақта шектеу шаралары қатаңдатылатынын айтады. Жаңа шектеулер, ел экономикасына кері әсерін тигізуі де мүмкін. Әсіресе, бұл туризм саласына ауыр соққы болады. Ал, вакцинация ақпан айының соңында басталады.

Айта кетейік, Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша Жапонияда пандемия басталғалы 245 мың адам вирус жұқтырған. Оның 3400-ге жуығы осы дерттен көз жұмды.

Ёсихидэ Суга, Жапония премьер-министрі:

- Токио мен тағы 3 префектурадағы барлар мен мейрамханалардың жұмыс уақытын кешкі сағат 8-ге дейін қысқарту керек. Аймақта төтенше жағдай режимін енгізген жөн. Мәселен бұл өңірлерде қауіпті инфекция жұқтырғандардың қатары желтоқсанда азайған емес.

Хабар 24 телеарнасы