Испанияда тұратын британдықтар Ұлыбританиядан үйлеріне қайта алмай жатыр

Себебі, әуе компаниялары Брекситтен кейін олардың Корольдікте тұру мәртебесі жойылғанын айтып, құжаттарын қабылдаудан бас тартқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселеге Испания билігі араласып, британдықтарға берілген құжаттың күшінде екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Мадрид Ұлыбританияда коронавирустың жаңа түрі шыққан соң әуе байланысына шектеу енгізген. Оған сай бұл елден Испанияға тек өз азаматтары мен тұрақты тұруға құқысы бар азаматтардың ғана келуіне рұқсат етілген.