Германияда тұрғындар шектеуге қарамастан тауда шаңғы теуіп жүр

Германияда тұрғындар шектеуге қарамастан тауда шаңғы теуіп жүр

Германияда биліктің үйде отыру туралы өтінішіне қарамастан мыңдаған тұрғын жаппай тау-шаңғы курорттарына лап қойды.

Салдарынан Винтенберг қаласының төңірегіндегі жолдарда ұзын сонар кептеліс пайда болған. Полицейлер демалушылардың көбі сақтық ережелеріне салғырт қарайтынын айтады. Мәселен, бетперде кимейді. Арақашықтық сақталмайды. Жалпы мұнда кейінгі күндері карантин талаптарын бұзудың 250-ден аса дерегі тіркелген. Енді Германия билігі 10 қаңтарда аяқталуға тиіс жалпыұлттық локдаунды тағы ұзартуы мүмкін.   

Себастьян Хельд, полиция өкілі:

- Өкінішке орай, тұрғындар тау-шаңғы курортына бармау туралы ескертуді елемегінін көріп отырмыз. Бұл ретте билік өкілдерімен ақылдаса келіп, жолдарды жабу шешімін қабылдадық. Сонда бір жерде көп адам жинала алмайтын болады.