Испанияда коронавирус қайта өршіді

Пиреней түбегінде соңғы бір тәулікте вирусты 30 мыңнан аса адам жұқтырып алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандар дерттің күшеюіне өткен мереке себеп болды деп отыр. Себебі халық еркінсіп, шектеулерді жиі бұзған. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі тыйымдарды қатаңдатуды ұсынуда. Мамандар елде вакциналау ісінің баяу жүріп жатқанына да шағымдануда. Бірақ билік бұл процесс келесі аптадан бастап жеделтейтінін айтады. Жалпы Испанияда індет таралғалы 2 миллионға жуық адам ауырған.

Сальвадор Илья, Испания денсаулық сақтау министрі:

- Мен тұрғындарды санитарлық талаптарды орындап, карантинді сақтауға шақырамын. Алдағы уақытта кей шаралар қатаңдатылуы мүмкін. Індеттің өршуіне байланысты бірқатар аймақта шектеулер күшейтілген.

Сондай-ақ...