Словакияда вирустың жаңа түрі тіркелді

Ұлыбританияда шыққан коронавирустың өзгерген түрі Словакияда да тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа штамм елдің шығысындағы Михалцова ауданында алынған сынамалардан анықталған. Бірақ оны қанша адамның жұқтырғаны әлі белгісіз. Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды мереке күндері екі ел арасында азаматтардың көптеп сапар шегуімен байланыстырып отыр.

Айта кетейік, Словакияда індетке байланысты төтенше жағдай режимі енгізілген. 5 жарым миллион халқы бар елде вирусты 51 мыңнан аса адам жұқтырды. Ал Халықты вакциналау желтоқсанның соңында басталған болатын.

Сондай-ақ...