COVID-19: Калифорнияда тест тапсырушылар көбейді

АҚШ-тың Калифорния штатында коронавирусты жұқтырғандар күрт өсіп, вирусқа тест тапсырушылар саны артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан емдеу орталықтарында ұзын-сонар кезек пайда болған. Мамандар індеттің өршуін күннің суытуы мен мереке кезінде адамдардың шектеулерді сақтамауымен байланыстырып отыр. Ал ресми дерекке сүйенсек, 40 миллионнан астам халқы бар, Калифорния штатында дертке шалдықққандар қарасы 2 жарым миллионға жуықтыған. Вирустан 26 мыңнан аса науқас көз жұмған. Кеселден қайтыс болғанардың көптігі соншалық, билік мәйітханаларда орын жетіспей жатқанын айтады.