Боливияда су тасқынынан 4 адам мерт болды

Боливияда су тасқыны жергілікті тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатынан 4 адам мерт болған.Мамандар опат болғандардың саны әлі де өсуі мүмкін дейді. Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ел астанасы Сукре қаласында бірнеше күн жауған жауын мен бұршақтың соңы тасқынға ұласты. Сонымен қатар өңірде дүлей дауыл да ойран салған. Салдарынан шаһардың бірнеше көшесі топан су астында қалды. Қазір аймақта құтқару операциясы әлі де жалғасып жатыр.