Зимбабведе қайтадан қатаң карантиндік шектеулер жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ол 30 күнге созылады. Үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, осы уақыт аралығында азаматтардың қоғамдық орындарда жиналуына тыйым салынады. Мектептер жабылады. Жұрттың жүріп-тұруын азайту мақсатында тіпті кешкі 18:00-ден бастап коменданттық сағат орнату да көзделген.
Айта өтейік, рождестволық мерекелерден кейін Зимбабведе вирус жұқтыру деректері күрт артып кетті. Бір аптада қауіпті инфекция 1 мыңнан астам адамнан табылған.