Иранда коронавирустың «британдық» штамы анықталды

Коронавирустың «британдық» штамы Иранда да анықталды. Бұл туралы Ислам Республикасының денсаулық сақтау министрі хабарлады.

Айтуынша, вирус жұқтырған Иран азаматы. Жуырда ол Ұлыбританиядан оралыпты. Қазір науқас жеке ауруханада жатыр екен. Жағдайы тұрақты көрінеді. Естеріңізге сала кетсек, Иран 21 желтоқсаннан бастап екі аптаға Ұлыбританиямен арадағы әуе қатынасын тоқтатқан болатын. Бүгінге дейін бұл елде 1 миллион 250 мыңдай адам қауіпті инфекцияға шалдықты. 56 мыңға жуық адам қайтыс болды.

Сондай-ақ...