420,66 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та вирустан бір аптада 18 мың адам көз жұмды

  • 103
  • UPD: 08:02, 06.01.2021
АҚШ-та вирустан бір аптада 18 мың адам көз жұмды

Америкада өткен аптада 18 мың 400 адам коронавирустан бақилық болды.

Дегенмен, бұл антирекорд емес. Өткен жылдың желтоқсанында АҚШ-та 78 мыңға жуық азамат көз жұмған. Сөйтіп, бұл індет басталғалы бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш болған еді.

Ал вирус жұқтыру деректеріне келер болсақ, ресми мәлімет бойынша соңғы жеті күнде ол 16 жарым процентке артқан. Науқастардың көптігіне байланысты бүгінде ауруханаларда бос орын жоқтың қасы. Қазірдің өзінде елде 126 мыңнан астам науқас қажетті ем-дом алып жатыр екен.

Хабар 24 телеарнасы