Биткойн бағасы қайтадан көтерілді

Биткойн құны тағы шарықтап, тарихи максимумды жаңартты. Соңғы күні криптовалютаның нарықтағы құны 6,4 процентке өсіп, 1 биткойнның бағасы 34 мың 435 долларға жеткен.

Криптовалюта бағасы бұған дейін қаңтардың бас кезінде қатты көтерілген еді.

Ал ресми дерекке сүйенсек, желтоқсан айында әлемде 19 миллион биткойн өндіріліпті. Биыл оның көлемі 21 миллионға жетеді деген болжам бар. Сарапшылар нарықта криптовалютаға сұраныс ұсыныстан басым болғандықтан оның құны келесі жылы да артатынын айтады.

Сондай-ақ...