Вакцинаны араластырып салудың қажеті жоқ – Еурокомиссия

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы әзірге Пфайзер мен Байонтек вакцинасының екінші дозасын екпеуді ұсынып отыр.

Жалпы екпенің екінші дозасы біріншісін қабылдағаннан кейін 28 күннен соң егілуі тиіс. Алайда мамандар препараттың жетіспеушілігінен бұл мерзімді тағы бірнеше аптаға ұзартуды көздеп отыр. Ал Еурокомиссия болса коронавируске қарсы шығарылған вакциналарды араластырмау керек дейді. Мамандар оның пайдасы мен зияны әлі толық дәлелденбегенін алға тартады. Айта кетейік, ақпарат көздері  жуырда Пфайзер мен Байонтек компаниялары өндірген  екпені қыбалдаған бірнеше ерікті көз жұмғанын да хабарлап жатыр. Олар Норвегия мен Португалияда тіркелді.

Сондай-ақ...