Қырғызстанның Ош облысында жер сілкінді

Қырғызстанның Ош облысында 5 қаңтар күні сағат 17:33-те 3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады kabar.kg.

Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметтері бойынша, 2,5 балдық жер сілкінісі Орқазған, Ақ-Терек, Ничке-Сай, Зергер, Саламалик, Эркин-Тоо ауылдарында сезілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша зардап шеккендер жоқ.