Камчаткада алтын шахтасында екі адам үйінді астында қалды

Камчаткада алтын шахтасы опырылып, бес адам үйінді астында қалды.

Олардың үшеуі үйінді астынан шығып үлгерді, ал екі кеншіден хабар жоқ, деп хабарлады ТАСС.

Қазіргі уақытта 6 құтқарушы жер астында жұмыс істеп, үйінділерді тексеріп жатыр. Сонымен қатар кәсіпорында жұмыс істейтін құтқару бөлімінің штаттан тыс тоғыз қызметкері үйінділерді бөлшектеу жұмыстарын жүргізуде.