Германия локдаун мерзімін ұзартты

Германиядағы локдаун қаңтар айының соңына дейін ұзартылды. Тіпті аймақтағы шектеу шаралары да қатаңдатылатын болды. 

Бұл шешімді Ангела Меркельдің қатысуымен өткен отырыста елдің барлық аудан басшылары қолдаған.

Жаңа талаптарға сәйкес, егер бір апта ішінде 100 мың адамға шаққанда 200 жаңа науқас анықталатын болса, тұрғындар өз үйлерінен 15 шақырымнан алыс шыға алмайды. Ал қауіпті елдерден келген азаматтар 10 күн карантинде жатып, кейін ковидті анықтайтын тест тапсырулары керек. Елдегі барлар, мейрамханалар, музей мен бассейндер әзірге жабық болып қалады. Мектептер мен балалақшалар да әзірге ашылмайды. Тұрғындарға тек бір ғана адаммен кездесуге рұқсат берілді.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

- Науқастардың санын 100 мың адамға шаққанда 50-ге дейін азайтуды көздейміз. Бұл өте маңызды. Ұлыбританияда мутацияға ұшыраған вирустың жаңа штамы тез тарап жатыр. Сондықтан желтоқсан айында жарияланған карантин қаңтардың соңына дейін жалғасатын болады.