Үндістанда жаппай вакциналау басталады

Үндістан билігі жақында халыққа жаппай екпе егу бағдарламасын бастамақ.

Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қазір Уттар-Прадеш штатында жаттығу жұмыстары жүргізілуде.  Жуырда бұл ел коронавируске  қарсы 2 вакцинаны ел ішінде жедел қолдануға рұқсат берген болатын. Бірі «Бхарат Байонтек» фармацевтикалық компаниясы өндіретін «Коваксин» препараты болса, екіншісі Астра Зенека екпесі. Екеуі де Үндістанда өндірілмек. Мамандар екпе егу бағдарламасы елдің барлық өңірлерінде жүзеге асырылады дейді. 

Болжам бойынша жарты жылдың ішінде 300 млн жуық адам вакцина қабылдуы тиіс.

Сондай-ақ...