Үндістанның бірнеше штатында құс тұмауы өршіді

Үндістанның бірнеше аймағында мыңдаған құс қырылды.

Құстардың жаппай қырылуына құс тұмауының өршуі себеп болған. Вирус кем дегенде төрт штатта расталды: Химачал-Прадеш, Мадхья-Прадеш, Керала және Раджастхан.

Үндістанның солтүстігіндегі Химачал-Прадеш штатының үкіметі Кангра округіндегі Понг-Дам көлі аймағында 1700-ге жуық құстың, негізінен тау қаздарының өлімінен кейін құс тұмауының өршуін растады. Ал Алаппуджа мен Коттаям округтерінде шамамен 36 000 құс жойылуы мүмкін.

Сондай-ақ...