Құтқарушылар Камчаткадағы алтын шахтасында үйінділер астында қалған екі адамның біреуінің мәйітін алып шықты.
Екінші кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Еске салсақ, Камчаткада алтын шахтасында кеншілердің үйінді астында қалғанын хабарлаған болатынбыз. Шахта опырылып, бес адам үйінді астында қалған, олардың үшеуі құтқарылды. Біреуінің мәйіті табылды.