Бразилиядағы қалада төтенше жағдай режимі жарияланды

Бразилияның Манаус қаласында 180 күнге төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұған аймақтағы эпидемиологиялық ахуал себеп.

Шаһардың көптеген өңірлерінде қатаң шектеу шаралары енгізілді. Жергілікті билік аймақтағы бірнеше дүкендерге ғана жұмыс істеуге рұқсат берген. Салдарынан ең қажетті тауарлар мен азық-түлік сататын сауда орындарының алдында ұзын сонар кезек түзілді. Барлар мен мейрамханалардың жұмыс уақытына да шектеу қойылды. Ал қоғамдық іс-шаралар наурыз айына дейін өткізілмейтін болды. Қазір аймақтағы ауруханалар науқастарға лық толы. Медициналық мекемелер мен мәйітханаларда бос орын қалмаған.

Сондай-ақ...