Трамптың көлігі аукционға шығарылды

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трампқа тиесілі болған Ferrari F430 автокөлігі аукционға қойылды.

Ақпарат Mecum Auctions аукцион үйінің сайтында жарияланған.

Сондай-ақ көлікті сатып алушыға Трамптың қолы қойылған құжаттардың толық көшірмесі беріледі.

Қызыл түсті көлік осы уақытқа дейін шамамен 11 120 км жүрген. Оның құны 400-500 мың долларға бағалануда.