Камчаткада шахтадағы үйінді астынан екінші кеншінің мәйіті шығарылды

Камчаткада шахтаның опырылуы кезінде жоғалып кеткен екінші кеншінің мәйіті табылды, деп хабарлады ТАСС.

Екінші кеншінің мәйіті үйінділер астынан шығарылды. Іздеу жұмыстары да аяқталды.

Бұған дейін Камчаткада алтын шахтасы опырылып, бес адам үйінді астында қалғаны хабарланған болатын. Олардың үшеуі үйінді астынан өз бетімен шықты, одан соң қалған екі кеншінің мәйіті табылды.