Испанияда қарттар үйіндегі өрттен 89 жастағы кейуана ажал құшты

Тілсіз жаудан тағы 18 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлығы ауруханаға жеткізілген. Оқыс оқиға елдің оңтүстігіндегі Севилья қаласында болды. Аудандағы көршілер жамылғы әкеліп, қарияларды үйлеріне жатқызуды ұсынған. Бірақ құзырлы органдар баспанасыз қалғандарды спорт орталығына орналастырды. Әзірге өрттің шығу себебі белгсіз.

Франциско Морено, полиция инспекторы:

– Қарттар үйіне келген бетте өрттің ошағы екінші қабатта екенін анықтадық. Түтін көп болды. Қарттар үйіндегі тұрғындардың 80 процентін шығарып үлгердік.