Британияда көлік сатылымы 30%-ке азайды

Ұлыбританияда 2020 жылы жаңа көлік сатып алу көлемі 30%-ке төмендеді.

Бұл туралы осы елдің Көлік өндірушілер және сатушылар қоғамы мәлімдеді. Ұйым сарапшыларының айтуынша, Біріккен Корольдікте темір тұлпарлардың жылдық сатылымы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш рет азайып отыр. Былтыр Британияда барлығы 1 миллион 630 мың көлік сатылыпты. Машина нарығындағы сауданың құлдыруына коронавирусқа қарсы қабылданған шектеу шаралары себеп болған. Тіпті карантин алғаш енгізілген сәуір айында көлік сатылымы 97%-ке дейін төмендеген. Сала мамандары «биыл 2 миллионнан кем көлік сатылмайтын шығар» деп үміттенеді.

Сондай-ақ...