Вашингтонтағы тәртіпсіздіктерден кейін Конгресс жұмысын жалғастырды

АҚШ астанасында түнгі жаппай тәртіпсіздіктерден кейін Конгресс жұмысын қайта жалғастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарға қарағанда, заң шығарушы органда қараша айында өткен сайлау қорытындысын талқылау әлі жүріп жатыр. Сенат пен Өкілдер платасы Аризона штатындағы сайлау нәтижесін қайта қарау туралы шағымды басым дауыспен қабылдамай тастады. Ал шаһарда енгізілген коменданттық сағат қаңтардың 20-ына дейін ұзартылды. Капитолий жотасын ұлттық гвардия қорғап тұр.