Перу билігі Sinopharm және AstraZeneca компанияларынан вакцина сатып алмақ

Әлемде халықты коронавирусқа қарсы вакциналау шарасы белсенді жүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оңтүстік Америкада індет ең көп таралған елдің бірі – Перу Sinopharm және AstraZeneca компанияларымен де вакцина алу туралы келісімге келді. Қос бірлестіктен 52 миллион доза вакцина жеткізілмек. Бұған дейін Лима Pfizer бірлестігінен 10 миллион доза алуға келіскен еді. Ал ресми дерекке қарағанда, бұл елде эпидемиологиялық ахуал қайта нашарлаған. Жалпы Перуде вирусты жұқтырғандар саны 1 миллионнан асқан.

Франциско Сагасти, Перу президенті:

- Біз еліміздің Каэтано Эредиа ғылыми университетінде дайындалып жатқан өзіміздің де вакцинамызға көп үміт артып отырмыз. Жоба ұлттық фармацевтикалық компаниямен бірге жүзеге асырылуда. Үкімет те оған жан-жақты қолдау білдіріп жатыр.

Ал Францияда тележүргізушілер мен дәрігерлер және медицина орталығының жетекшілері екпені тікелей эфирде алып көрсетті. Шара халықты вирусқа қарсы егуге шақыру үшін қолға алынған. Себебі Бесінші республикада екпе егу қарашада басталғанмен, халықтың жартысынан астамы вакцинаға әлі күнге дейін күмәнмен қарайды. Жалпы Франция қазірге дейін Pfizer мен Moderna бірлестіктерінен 200 миллион доза вакцина сатып алған.

Сондай-ақ...