429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмғандар саны артты

  • 251
  • UPD: 13:19, 07.01.2021
Ұлыбританияда коронавирустан көз жұмғандар саны артты

Ұлыбританияда коронавирустан қайтыс болғандар саны артып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қауіпті вирустан соңғы тәулікте 1 мың 41 адам жан тапсырған. Бұл сәуір айынан бергі ең үлкен көрсеткіш. Осылайша, пандемия басталғалы бұл елде 77 мыңнан астам адам коронавирустың құрбаны болса, індеттің ілмегіне іліккендердің қатары 2 млн 837 мыңға жуықтады. Қазір британ ауруханаларында 30 мың науқас ем қабылдап жатыр. Жалпы соңғы аптада тіркелген дімкәс жандардың қатары өткен аптамен салыстырғанда 43%-ке артқан.

Том Долфин, дәрігер:

- Эпидемиологиялық ахуал Лондонда ғана емес, бүкіл ел аумағы бойынша күрделі. Жағдайдың күрт нашарлауы медицина саласына ауыр соққы болды. Ауруханаларда бос орын қалмағандықтан, науқастар өзге жерлерде де емделіп жатыр. Медицина қызметкерлері де дертке шалдығып оқшаулануда. Ал, бұл маман тапшылығына әкеп соқты.

Хабар 24 телеарнасы