Калифорния университетінде коронавирусқа тест тапсыратын автоматтар ашылды

Сан-Диегодағы Калифорния университетінің студенттері енді коронавирусқа қарсы тестті оқу орнында тегін тапсыра алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білім ордасының аумағында ерекше сауда автоматтары орнатылды. Құрылғылар арқылы өзіңнің вирусты жұқтырған жұқтырмағаныңды білуге болады. Ол үшін студент автоматқа салынған тест арқылы өз мұрынынан сынама алып, оны контейнерге тастайды. Сосын тест нөмірін телефондағы арнайы қосымша арқылы тіркейді. Нәтиже 7 сағаттан бір күнге дейінге аралықта дайын болады. Шара «Оқуға оралу» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Әр студент аптасына бір рет тегін тест тапсыра алады.

Прадип Хосла, Сан-Диегодағы Калифорния университетінің канцлері:

- 1 қаңтардан бастап 10 мыңнан аса студент оқуына оралды. Мына тест тапсыратын автомат оларға өте ыңғайлы болады деп ойлаймын. Алдағы уақытта автомат санын арттыруды көздеп отырмыз.