420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жапония адамның маска кимегенін анықтағыш жүйе ойлап тапты

  • 103
  • UPD: 17:21, 07.01.2021
Жапония адамның маска кимегенін анықтағыш жүйе ойлап тапты

Жапондық компания адамдардың маска кигенін автоматты түрде анықтайтын жүйе ойлап тапты.

Жоба авторларының айтуынша, құрылғының дәлдігі 99,9 проценттен асады. Бетперденің бар-жоғын небәрі 1 секундта анықтайды. Оны кеңселердің немесе басқа орындардың кіреберісіне орнатуға болады. Бұл технология Жапонияда өткен жылдың қазан айында сатылымға түскен. Автоматты құрылғыға Германияның «Люфтганза» және Швейцарияның халықаралық әуе компаниялары да тапсырыс берген. Озық технологияны Токиодағы сатушысы мен күзетшісі жоқ дүкендер де төлем жасау кезінде қолдана бастады. 

Шиния Такашима, менеджердің көмекшісі:

- Негізі біз бұл жүйені баяғыда қолға алған едік. Бірақ коронавирус жағдайы сұранысты бірден арттырып жіберді. Сондай-ақ қазір адамның қатысуынсыз төлем жасауға мүмкіндік беретін құрылғы да ауадай қажет болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы